НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Эквадорда тікелей эфир кезінде тележүргізушіге тапанша кезенді. Спорт репортері Диего Ординола Гуаякиль қаласындағы "Монументаль Исидро Ромеро Карбо" стадионының жанында тікелей эфирге шыққан, деп жазды life.ru.
Репортер эфирге шыққан сәтте оған медициналық маска киген адам жақындап, тапанша кезеніп, телефонын беруді талап еткен.
Ni siquiera podemos trabajar tranquilos, esto ocurrió a las 13:00 de hoy en las afueras del Estadio Monumental.
— Diego Ordinola (@Diegordinola) February 12, 2021
La @PoliciaEcuador se comprometió a dar con estos delincuentes. #Inseguridad pic.twitter.com/OE2KybP0Od
Оператор болған жағдайды түсіріп үлгерген, бірақ тонаушыға өзінің телефонын беріп жіберген. Қылмыскер оқиға орнынан ізін суытты: оны жақын маңда серіктестері мотоциклмен күтіп тұрды.
Кейінірек Диего Ординола видеоны Twitter-дегі парақшасында жариялады. Оны 379 мың адам көріп, алты мыңнан астам адам бөліскен.