Қоғам

Енді Қазақстан шекарасында ұзын-сонар кезек болмайды

© Photo : Официальный сайт правительства КРСитуация на кыргызско-казахской границе
Ситуация на кыргызско-казахской границе - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
"Нұр жолы" өткізу бекетінің үлгісімен көлік кептелісі байқалатын барлық шекара учаскесінде "Электронды кезек" жүйесін енгізу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Көлік кептелісі байқалатын шекара учаскелерінде "Электронды кезек" жүйесі енгізіледі. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр жасанды интеллект пен көлік ағынын автоматты басқару технологиясын енгізе отырып, өткізу бекеттерін одан әрі жаңғырту жоспарланып отырғанын айтты.

Мыңдаған жүк көлігі мен вагон Қытаймен шекарада тұрып қалды

"ҚХР ЭксИмБанкінің қарызы аясында Ахуалдық орталықтың құрылысы мен 9 авто және 1 теміржол өткізу бекетін жаңарту көзделген. "Нұр жолы" өткізу бекетінің үлгісімен көлік кептелісі байқалатын барлық шекара учаскесінде "Электронды кезек" жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Ол мобильді қосымша арқылы алдын ала кезекке тұруға мүмкіндік береді", - деді Жамаубаев қаржы министрлігінің алқа отырысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, трансшекаралық сауданы бақылауды күшейту үшін Шекарада заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл кешенді жоспары әзірленеді.

Жоспар аясында жалған транзитке жол бермес үшін автокөліктерге навигациялық пломбалар орнатылады.

ЕАЭО елдерінің өкілетті органдары бір-бірімен тауардың саны және құны туралы ақпарат алмасады.

Жаңалықтар
0