Өңірлер

Тараздағы дауылдың салдары анықталды

© Sputnik / Макс Ветров / Медиабанкке өтуВетер, архивное фото
Ветер, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Дауыл басталған уақыт ішінде қала көшелеріндегі 20 бағдаршам істен шықты. Оны қалпына келтіру жұмыстары бойынша жұмыстар атқарылуда

ТАРАЗ, 19 ақпан — Sputnik. Тараздағы жойқын желдің салдары белгілі болды.

"Қала бойынша 10 көпқабатты тұрғын үйдің 1 405 шаршы метр шатыры зақымдалды. Шатырларды қалпына келтіру жұмыстары мердігерлер тарапынан жедел іске асырылатын болады. Сондай-ақ, 15 мөлтек ауданы №14 үйдің 20 шаршы метр балконы және 3 метр газ құбырына залал келтірілді. Қала көшелерінде 3 электр бағанасы құлады", - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдікте атап өткендей, қазіргі уақытта "Тараз Жарық" ЖШС-ның 3 бригадасы бағаналарды қалпына келтіріп қойған.

"4 көшеде 6 жерден электр желілері үзіліп, "Тараз қалалық электр жүйелері" мекемесі тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, электр жарығының өшуіне байланысты, диспетчерлік қызметке 5 өтініш түсіп, бұл жұмыстар жедел бригадалар тарапынан іске қосылды", - деді жергілікті билік өкілі.

Дауыл басталған уақыт ішінде қала көшелеріндегі 20 бағдаршам істен шықты. Оны қалпына келтіру жұмыстары бойынша жұмыстар атқарылуда.

Қала көшелерінде шамамен 40 ағаш құлады. Оларды кесіп тазалау жұмыстарына "Жасыл Ел-Тараз" ЖШС тарапынан 4 бригада және 13 техника тартылды. Қазіргі таңда құлаған 20 ағаш кесіліп, шығарылды.

Сонымен қатар, жойқын желге қаладағы 2 аялдама да шыдас бермей, құлап қалған. Жалпы саны 42 билборд, 5 пилонның баннері, тұңғыш президент саябағындағы ту жыртылған.

Бұл баннерлерді алып тастау жұмыстарымен жарнама агенттіктері айналысып жатыр.

Жаңалықтар
0