Қоғам

Шетелде салдырған вакцина Қазақстанда қабылдана ма?

© REUTERS / ALISHA JUCEVICВакцина
Вакцина - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Өмірзақованың айтуынша, вакцина егудің екінші кезеңінен бастап Қазақстанда өндірілген ресейлік вакцина қолданылады

АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі шетелде коронавирусқа қарсы салдырған вакцинаның Қазақстанда жарамды болатынын айтты. Мұндай жағдайда вакцина салдырғаны туралы анықтама болуы қажет, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Егер азаматтың коронавирусқа қарсы вакцина алғаны туралы құжат түріндегі анықтамасы болса, әрине ол қабылданады. Мұндай жағдайда оның Pfizer немесе басқа вакцина екені маңызды емес", – деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсия Рүстемова.

Айтуынша, елордада вакцина егудің үшінші аптасы аяқталды. Қала бойынша тиісті контингент ішінде 1 980 адам вакцина алды. Олардың арасында вакцинадан кейін асқынулар анықталмаған.

Вакцина егудің екінші кезеңі қашан басталады

Вакцинаның екінші компонентін егу 22 ақпанда жалғасын табады.

"Вакцинаның келесі жеткізілімі ақпанның соңына жоспарланған. Вакцинаның жаңа партиясы келген уақытта медицина қызметкерлерін егуді жалғастырамыз. Сондай-ақ, педагогтар, күштік құрылым қызметкерлері, созылмалы ауруы бар адамдарға вакцина салынады", – деді Нұр-Сұлтан қаласы алғашқы медициналық санитариялық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әлия Өмірзақова.

Оның түсіндіруінше, вакцина егудің екінші кезеңінен бастап Қазақстанда өндірілген ресейлік вакцина қолданылады.

"Ресейлік вакцинамен қатар Қазақстанда өндірілген вакцина бірге қолданылады. Қазір ресейлік вакцина Қазақстанда өндіріледі. Екінші кезеңде қазақстандық вакцина бойынша ем-шара өткіземіз", – деді Өмірзақова.

Кімдерге вакцина салынбайды

Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпе алдымен инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен салынады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, педагогтар, құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, созылмалы ауруы бар адамдар бар. Екпе тегін және ерікті түрде жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Бұрынғы денсаулық министрі Досқалиев COVID-ке қарсы вакцина туралы не дейді

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, адам соңғы алты айдың ішінде коронавируспен ауырып шықса, вакцина салудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек, жүкті әйелдерге, ауыр аллергиясы мен вакцинаның құрамындағы заттарға жоғары сезімталдылығы бар адамдарға, 18 жасқа толмағандарға және 65 жастан асқандарға вакцина салынбайды.

Жаңалықтар
0