Экономика

Министр Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша теңгеге жеткенін айтты

© Sputnik / Абзал Калиев10 мың теңгелік купюраның бөлшегі
10 мың теңгелік купюраның бөлшегі - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Жамаубаевтың айтуынша, былтыр республикалық бюджет тапшылығы 2,2 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 3,1% құрады

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 20,6 триллион теңгені құрады. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2021 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік қарыз 20,6 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 29,6%-ін құрады. Бұл белгіленген 50% лимиттен аспайды. Мемлекеттік қарыз құрылымында 80%-і – үкіметтік берешек, 16,7 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 23,9%-і (лимит 25%)", – деді Жамаубаев қаржы министрлігінің алқа отырысында.

Айтуынша, былтыр республикалық бюджет тапшылығы 2,2 триллион теңге немесе ЖІӨ-нің 3,1% құрады.

Бұған дейін тартылған борыштарды өтеу қажеттілігін ескеріп, өткен жылы 3 триллион теңге қарыз алынған. Оның ішінде ішкі нарықта 2,8 триллион теңге тартылды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан тұрғындары жарты миллион теңгеден қарыз екенін білді

Сондай-ақ, министр төмен валюталық тәуекелдерді, тартымды ставка мен ішкі нарықтың шектеулі ресурстарын ескеріп, 223 миллиард теңгеге рубль облигациялары шығарылғанын атап өтті.

Жаңалықтар
0