НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Instagram әлеуметтік желісінде @minzdrav_rkz атпен тіркелген аккаунт денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі емес. Аталған ведомство ресми түрде осындай ақпарат таратты.
Денсаулық сақтау министрлігінде Instagram-да бір ғана ресми парақша бар. Ол –@healthcare.gov.kz деген атаумен тіркелген.
"@мinzdrav_rkz парақшасы денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі емес. Аккаунт қолданушысы ретінде @doctor_gereeva_ көрсетілгендіктен, біз бұл адамды оның иесі деп санаймыз", – делінген министрлік хабарламасында.
Бұл мәселеге қатысты үн қосқан stopfake.kz сайты жалған парақшада бас-аяғы 26 пост бар екенін мәлімдеді.
"Оның барлығы бір күнде – 2017 жылдың 15 тамызында жарияланған", – делінген ақпаратта.
Ал жарияланған суреттерде көрінетін Елжан Біртанов сол кезде денсаулық сақтау министрі болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Соңғы күндері желі қолданушылары бұл парақшаны министрліктің ресми аккаунты деп санап, денсаулық сақтау жүйесіне қатысты арыз, шағымдарын жазып, парақшаны белгілеп кетуді әлі де жалғастыруда.
Оқи отырыңыз: "Өлесің деп қорқытқан": Қостанайда желі арқылы баланы бопсалаған алаяқ ұсталды
Айта кетейік, бұл мемлекеттік органдардың Instagram желісінде тіркелген алғашқы жалған аккаунты емес.