Өңірлер

Бердібек Сапарбаев сөйлеп тұрғанда тосын оқиға болды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневБердибек Сапарбаев
Бердибек Сапарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Аймақ басшысы облыс тұрғындарынан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп жатқанда Елтаңба түсіп кетті. Әкім сөзін тоқтатып, жанындағыларға "алсайшы ананы" деп, рәмізді көтеруді тапсырды

АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде күтпеген жағдай болды. Әкім сөйлеп тұрғанда мінберге бекітілген Елтаңба жерге түсіп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әкімнің халықпен кездесуі онлайн форматта өтті. Есеп беру тікелей эфирде көрсетілді.

Аймақ басшысы облыс тұрғындарынан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп жатқанда Елтаңба түсіп кетті. Әкім сөзін тоқтатып, жанындағыларға "алсайшы ананы" деп, рәмізді көтеруді тапсырды. Содан кейін әрі қарай сұрақтарға жауап беруді жалғастырды.

Айта кетейік, Жамбыл облысы әкімінің есеп беру кездесуі 19 ақпанда өтті.

Жаңалықтар
0