Қоғам

Біртановтың кінәсі дәлелденсе, вице-премьер отставкаға кетуге дайын ба

© Photo : Facebook / Ералы Лұқпанұлы ТоғжановЕралы Тугжанов
Ералы Тугжанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2021
Жазылу
2019 жылдың соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметтегі басшыларды өзіне бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған жағдайда отставкаға кетуге міндеттейтін заңға қол қойған еді

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетіп-кетпейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шешімді жоғары деңгейде қабылдаймыз. Бұл президенттің шешімі болады. Қазір бізге коронавирус проблемасын шешу қажет", - деді ол Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айта кетсек, вице-премьер Ералы Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны басқарады. Комиссия елдегі эпидемиологиялық жағдайды қадағалап отыру үшін құрылған еді. Пандемия кезінде халыққа уақытында медициналық көмек көрсету, дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау, инфекциялық стационарлардағы төсек-орын қоры – осы және тағы басқа мәселелерді шешу Тоғжанов жетекшілік ететін комиссияның міндетіне кірді. Ал ол кезде денсаулық сақтау министрлігін Елжан Біртанов басқарған болатын. Министр вице-премьерге тікелей бағынды.

2019 жылдың соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметтегі басшыларды өзіне бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған жағдайда отставкаға кетуге міндеттейтін заңға қол қойған еді.

Экс-министр Біртановтың ісі

Былтыр қарашада бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

Кейінірек экс-министр үйқамаққа алынды. 20 қаңтарда Біртановты  үйқамақта ұстау мерзімі 28 ақпанға дейін ұзартылғаны белгілі болды.

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін үш жарым жыл, 2017 жылдың 25 қаңтарынан 2020 жылдың 25 маусымына дейін басқарды.

2020 жылы 14 маусымда Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Диагнозы расталғаннан кейін, ол бірден астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

25 маусым күні президент жарлығымен Біртанов министр қызметінен босатылды. Оның орнына Алексей Цой тағайындалды.

Жаңалықтар
0