НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан — Sputnik. "Қазпошта" сәлем-сауқаттан қымбат ұялы телефонның ұрлану фактісі бойынша жүргізілген тексерістің нәтижесін жариялады.
Компания қызметкерлері ішкі тергеу жұмыстарын жүргізген, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
"Архив видеоматериалдарына сәйкес, кедендік бақылау органдары қорапты тексерген кезде оның ішінде телефон болмаған. 72-ші үлгідегі декларацияға сәйкес, пошта жөнелтімінің ішіндегі заттар тізімінде 12 модельдегі Phone телефонының болмағаны құжаттармен расталды", - деді "Қазпошта" АҚ-ның пошта қызметтері және E-commerce жөніндегі директоры Әлия Сүгірбаева.
Оқи отырыңыз: Астаналық iPhone-ды қолды еткен "Қазпошта" қызметкерлеріне шағымданды
Қораптағы саңылау қайдан пайда болғаны белгісіз. Пошта қызметіндегілер қорапты тапсырыс берушінің өзі кескен деп күмәнданып отыр. Бірақ Илья Гришко мұны жоққа шығарды. Оның қолында пошта бөлімшесінде толтырған барлық акті бар.
"Мен о баста "Қазпоштадан" күмәнданған жоқпын. Бұл сканерде жұмыс істеп тұрған адам деп атап көрсеттім. Менің қолымда қорапта саңылау бар екені және салмақ айырмашылығы 400 грамм екені көрсетілген "Қазпошта" актісі бар. Актіге мөр басылып, құжатта "скотчпен жапсырылған саңылау, ішіндегі затты алып шығу мүмкіндігі және салмақ айырмашылығы" деген сөздер көрсетілген", - дейді астаналық Илья Гришко.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Қазпошта" жеткізген қораптағы ұялы телефонның ұрланғаны белгілі болды.
"25 қаңтар күні EMS Қазпошта қорабын ашып, ішіндегі iPhone-ды ұрлап кетіпті. Қораптың дәл телефон жатқан тұсын ұқыпты кескен. Басқа зат орнында тұр. Қорапты алған кезде оның зақымдалғанын көріп, пошта қызметкерлерін шақырып, қорап салмағын өлшеуді өтіндік. Расында да, қорап 400 грамға жеңіл екені анықталды. Бұл телефон салмағына сәйкес", - деп жазды елорда тұрғыны Facebook-тегі постында.
Сериялық ІМЕІ-кодты тексеру кезінде телефонның әлі қосылмағаны анықталған.