Аңдатпа

Қазақстанда 19 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневТуман в Нур-Султане
Туман в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 19–20 ақпан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың отырыстары мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

19 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.00 – Кибербуллингпен күрес жөніндегі "Ар-Бедел" қоғамдық қоры "Terminalex" ЖШС төңірегіндегі жағдайға қатысты баспасөз мәслихатын өткізеді. БАҚ өкілдері алдын ала аккредитациядан өткен соң қатыса алады: 8 701 749 02 00, Әсел Берімжарова (Самал-2 ықшамауданы, 58-үй, АЖК "САТТI", 1 кіреберіс, 2-қабат. Трансляция мына сілтеме бойынша).

15.00 – "ЕҚЫҰ Астанадағы саммиті 2010: тарихи маңызы мен өзектілігі" халықаралық онлайн-конференциясы. Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасы, сыртқы істер министрлігі мен ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар кеңсесі және Тұңғыш президент кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылады. 

Конференцияға премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, ЕҚЫҰ-ның төрағасы, Швеция сыртқы істер министрі Анн Линде, ЕҚЫҰ бас хатшысы Хельга Шмид (бейнеүндеу), мемлекет қайраткері, бұрынғы сыртқы істер министрі және ЕҚЫҰ төрағасы (2010) Қанат Саудабаев, ЕҚЫҰ бас хатшысы (2005-2011) Марк Перрин де Бришамбо, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы кеңсесінің ақпарат және талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Әділ Тұрсынов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат және басқалар қатысады. Бұқаралық ақпарат құралын тіркеу өтініші 18 ақпанға дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com мекен-жайында қабылданады.

Нұр-Сұлтан

16.00 – "Элвин и жители волшебного леса" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

19.00 – "Өмір" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

19.00 - Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған "Күй анасы – Дина" концерті (Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы, Астана концерттік залы, Кенесары көшесі, 32. Байланыс нөмірі: +7 701 870 25 63).

19.00 – "От Глинки до Свиридова – с любовью" концерті. 65 жастан асқан адамдар үшін жас шектеулі. ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.30 – "Легенда о любви" спектаклі ("Астана балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

Алматы

19.00 – "Гроза" пьесасы (Горький театры, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

19.00 – "Пушкин Live" спектаклі (Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.30 – "Три девицы" пьесасы ("Трансформация" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

20 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – Балаларға арналған "Дружная семейка духовых и ударные инструменты" концерті ("Астана Опера" театры, камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

17.00 –"Вечер балета в двух отделениях" гала-концерті. 65 жастан асқандарға шектеу қойылған ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

Алматы

12.00 – "Приключение снежинки" спектаклі (Театр La Boheme, павильон 2, Зенков көшесі, 24).

12.00 –  "Щелкунчик" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).

18.00 – Ғ.Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

18.00 – "Слишком женатый таксист" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

18.00 – "Финальный Хор" спектаклі (Республикалық неміс драма театры, Папанин көшесі, 70/1).

19.30 – "Вавилонская башня" спектаклі ("Трансформа" кеңістегі, Байзақов көшесі, 280).

20.00 – "Голоса убежища" спектаклі (BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0