Қоғам

Әшімбаев ашаршылық туралы: әлі ашылмаған ащы ақиқат аз емес

© Photo : пресс-служба сената парламента РКСпикер сената Маулен Ашимбаев
Спикер сената Маулен Ашимбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2021
Жазылу
Ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері айтқан пікірлер негізінде арнайы ұсынымдар дайындалған. Олар тиісті мемлекеттік органдарға жолданады

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Алдағы уақытта ашаршылық жылдарын зерттеу және  құрбандарын түгендеу бойынша жүйелі және кешенді жұмыстар жалғасады. Ғылыми институттарды жұмылдыру, архив материалдарына қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық қолдау көрсету сияқты бағыттар бойынша тиісті министрліктерге тапсырмалар берілді, деп мәлімдеді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

"Ашаршылық құрбандарын түгендеудің және олардың нақты санын анықтаудың маңызы зор. Құрбандардың аты-жөнін анықтау оңай шаруа емес. Ол үшін мүмкіндігінше әр әулеттің шежіресін де жіті зерделеген жөн", - деп жазды Әшімбаев Facebook парақшасында. 

Оның айтуынша, негізгі міндет – тәуелсіздікті нығайту. Осы ретте шежіремізге қасіретті жылдар ретінде жазылған ашаршылық тақырыбын көтеру өте орынды деді сенат төрағасы.

"Әсіресе, азаттықтың 30 жылдығы аясында аталған ақтаңдақты зерттеуге басымдық берілуін заңды деп қабылдаймыз. Өйткені бұл мәселеде әлі де болса ашылмаған ащы ақиқаттар аз емес. Ғылыми институттарды жұмылдыру, архив материалдарына қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық қолдау көрсету сияқты бағыттар бойынша тиісті министрліктерге тапсырмалар берілді",  - деп т олықтырды сөзін Әшімбаев.

Оның пікірінше, жұмысқа өңірлердегі университеттердің ұстаздары мен студенттерін де жұмылдырған дұрыс. Сонымен қатар осы нәубетті бастан өткерген куәгерлердің естеліктерін жинау да көп жайтты анықтауға септігін тигізеді.

"Мәселен, Мекемтас Мырзахметұлы ағамыздың "құндақтағы қарындасы" жайлы аянышты оқиғасы көпшілікке белгілі. Ел арасында айтылып жүрген осындай естеліктерді жазып алуымыз керек", - деді сенат спикері.

Ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері айтқан пікірлер негізінде арнайы ұсынымдар дайындалған. Олар  тиісті мемлекеттік органдарға жолданады. 

Сондай-ақ, тақсіретті кезеңнің тауқыметін ұлт жадында сақтау, әсіресе, жастарымыздың санасына сіңіру мақсатымен "Аза сарайы" мемориал-кешенін салу жұмыстары да назардан тыс қалмады. Мұның бәрін ашаршылық жылдарында құрбан болған бабалар рухына тағзым етуге арналған шаралар деп қабылдаймыз, деді Әшімбаев.

Жаңалықтар
0