Оқиға

Зеренді маңында жантүршігерлік апат болды – видео

© Photo : Pixabay / Alexas_Fotos Дорожная авария, иллюстративное фото
Дорожная авария, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2021
Жазылу
Көліктің жанынан өтіп бара жатқан жолаушы түсірген видеода екі жеңіл автокөлік, жедел жәрдем көлігі және полиция қызметкерлері бар

АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желіде "Көкшетау – Атбасар" тасжолының Зеренді учаскесінде болған апаттың видеосы тарады. Қаза тапқандар бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Көліктің жанынан өтіп бара жатқан жолаушы түсірген видеода екі жеңіл автокөлік, жедел жәрдем және полиция қызметкерлері бар.

Ақмола облысының полиция департаменті апат болғанын растады.

"18 ақпанда "Көкшетау – Атбасар" тас жолында жол апаты болды. Toyota Camry және Ваз-21015 автокөліктері соқтығысқан. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайын толығырақ кейінірек хабарлаймыз", - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Ол қайтыс болғандар бар екенін растады. Алайда нақты неше адамның опат болғанын нақтыламады. Құқық қорғау органдарындағы Sputnik Қазақстан дереккөзінің мәліметінше, апаттан екі адам көз жұмған.

Облыстың ТЖД баспасөз қызметі өңірде күрделі метеорологиялық жағдайларға байланысты қазір барлық бағыт бойынша жолдар жабық екенін хабарлады. Сондай-ақ, құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарынан елді мекеннен тыс жерге шықпауды сұрады.

"Бұған дейін 16-17 ақпанда облыс тұрғындарына ауа райының нашарлауы туралы дабылды ескерту SMS-хабарлама арқылы жеткізілді", - деп атап өтті департамент.

Сондай-ақ, ауа райының нашарлауы мен жолдардың жабылуы туралы "Дәрмен" қосымшасынан немесе 1403 нөмірі арқылы білуге болады.

Жаңалықтар
0