Мәдениет

Ералы Тоғжанов отандық фильмдердің сапасын сынға алды

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев"Қазақфильм" ғимараты, архивтегі сурет
Қазақфильм ғимараты, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2021
Жазылу
Тоғжановтың айтуынша, "Қазақфильм" киностудиясы 2010 жылдан бері сатып алған 48 сценарийді жүзеге асырмаған

АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандық фильмдердің көрермен көңілінен шықпайтынын атап, мәдениет және спорт министрлігіне нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Отандық кинематографияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру керектігіне тоқталған Тоғжанов бюджет қаржысына шығарылған фильмдердің барлығы сапасы жағынан көрермен көңілінен шығып жатыр деп айтуға ертерек деп санайтынын жеткізді.

"Бұл жерде мәселе жоқ емес, оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Ағын ақ, қарасын қара деп айтуымыз керек. 2010-2020 жылдары мемлекет есебінен 50 миллиард теңгеге 178 фильм шығарылған. "Алмас қылыш", "Жаужүрек мың бала", "Құнанбай", "Әміре", "Анаға жол", "Томирис" сияқты оншақты туындыдан басқасы сондай деңгейге, көпшіліктің қолдауына ие болды деп айта алмаймын", – деді ол.

Үкімет басшысының орынбасары "Қазақфильм" киностудиясының 2010 жылдан бері сатып алынған 48 сценарийді жүзеге асырмағанын айтып өтті. Сонымен қатар, Ақан Сатаевқа "Қазақфильм" киностудиясын табысты кәсіпорынға айналдыруды тапсырды.

"Коммерциялық киноөндіріске басымдық беру маңызды. Толықметражды отандық анимациялық фильмдерді шығаруды қолға алатын уақыт жетті. Бұл бағыттар киностудияның жаңа бизнес моделінде ескерілуі тиіс", – деді Тоғжанов.

Оқи отырыңыз: "Қазақфильм" киностудиясы он мультфильмді ашық көрсетілімге шығарды

Сонымен қатар министрлікке халықаралық тәжірибе негізінде отандық кинокластер құру мәселесін пысықтауды тапсырды.

Жаңалықтар
0