Қоғам

Қазақстандық режиссердің клипі халықаралық байқауда үздік деп танылды

© Photo : Из личного архива Айсултана СеитоваАйсұлтан Сейітов
Айсұлтан Сейітов - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2021
Жазылу
Қаракөлеңкелі көріністе өткен ғасырдағы кеңес елдеріндегі апаттан аман қалған мұнай ұңғымалары туралы әңгімелейді

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітовтің рэпер Масло черного тминаның (Айдын Нуралин – Sputnik) әніне түсірген клипі BooooooomTV Awards нұсқасы бойынша 2020 жылғы ең үздік клип деп танылды.

"Неведомый мир" әніне түсірілген клипте мұнай ұңғымаларының проблемалары туралы айтылады", – делінген сайт хабарламасында.

Айсұлтан Сейітов – алматылық режиссер. Ол қазақстандық рэпердің әніне бірнеше бейнебаян түсірген. Ал оның клиптері марапаттау сайтында соңғы жылдарығ ғана пайда болды. 

"Әлемнің бізге беймәлім тұсынан алынған мазмұнды ғана емес, олармен бірлескен жұмыстың нәтижесін көру де бір ғанибет. Бұл шынымен де ерекше нәрсе. "Неизвестный мир" көп жағдайда керемет бейнелерді біріктіреді. Қаракөлеңкелі көріністе өткен ғасырдағы кеңес елдеріндегі апаттан аман қалған мұнай ұңғымалары туралы әңгімелейді", – делінген бейнесюжет сипаттамасында.

Оқи отырыңыз: Қазақша ән үнділік TikTok-та хитке айналды – видео

Айта кетейік, бұған дейін Сейітов J.Cole, 21 Savage, Offset, Tyler The Creator пен Goldlink сияқты әлемге әйгілі суретшілермен әріптестік орнатты. Сонымен қатар, ол владикавказдық MiyaGi & Эндшпиль дуэті мен Гуково қаласының Рема Диггидің I Got Love клипінің авторы атанды. Оған қоса, Сейітов ұзақ уақыт бойы Скриптонитпен шығармашылық бағытта бірге жұмыс істеді.

Жаңалықтар
0