Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар көбейді

© AP Photo / Darko VojinovicМедик в защитном костюме стоит у окна больницы с коронавирусом
Медик в защитном костюме стоит у окна больницы с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Жазылу
Сонымен қатар өткен тәулікте 796 адамнан коронавирус анықталды, 66 адам пневмонияға шалдықты

АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 14 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 12 адам коронавирустан, 2 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.
Оның алдында бір күн бұрын коронавирус пен пневмониядан 8 адам көз жұмды.

17 ақпандағы мәлімет бойынша, 22 295 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 927 пациент стационарда, 17 368 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 249 адамның жағдайы ауыр, 45 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 40 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар өткен тәулікте 796 адамнан коронавирус анықталды, 66 адам пневмонияға шалдықты.
Пандемия басталғалы Қазақстанда 204 055 адам коронавируспен ауырды, 2 664 науқас қайтыс болды.
2020 жылдың 1 тамызынан бері 48 766 адам пневмонияға шалдықты, 604 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0