НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар жеңімпаз спортшылар мойнына тағылатын медаллдардың үлгісін көпшілік назарына ұсынды. Бұл туралы Olympics ұйымының твиттердегі парақшасында жазылды деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
Токио ойындарының эмблемасы мен дәстүрлі итимацу үлгісі медальдың қақ ортасында орналасқан.
These @Tokyo2020 medals! 😍#Toyko2020Tuesday #Tokyo2020 pic.twitter.com/6aGoFHXTQe
— Olympics (@Olympics) February 16, 2021
Айта кетейік, мұндай дизайнды жапондықтар жазғы спорт ойындарын өткізуге дайындық барысында, яғни 2019 жылы ұсынған. Ал дәстүрлі шара былтыр жазда өту тиіс болғанымен, коронавирус пандемиясы оның ұйымдастырылуына өзіндік әсерін тигізді.
Бастапқы кезде бұл шараны мүлдем тоқтатып тастау мәселесі көтерілді. Кейіннен ресми Токио Олимпиада өткізу құқығын сақтай отырып, оны жай ғана кейінге шегеру шешімін қабылдады.
View this post on Instagram
Ал медальдарға қатысты қызықты сәттің бірі 2019 жылы болды: жергілікті тұрғындар медаль жасау үшін екі жыл бойы ақаулы смартфондар мен планшеттерді және компьютерлерді жинауды қолға алды. Сөйтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында жиналған 80 мыңнан астам гаджеттің бағалы металдары алынып, медаль жасау үшін балқытылды.
Оқи отырыңыз: Олимпиада чемпионы Шәміл Серіков Қонаевқа қандай сауал қойды
Ал оның жобасын жасауды жапондық дизайнер Дзюнъити Каваниси қолға алды.