Қоғам

Коронавирустан кейін денсаулығы нашарлағандарға тегін дәрі беріле ме?

© Sputnik / Абзал КалиевДәріхана
Дәріхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Жазылу
Табынбаевтың айтуынша, жүрегі ауыратын науқастар тізімінде тұрғандар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі

АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Коронавируспен ауырған науқастарда уақыт өте келе қосымша аурулары пайда болса, оларға тегін дәрі беріледі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есеп беру кездесуінде айтылды.

Қала тұрғыны отбасында үш адамның коронавирустан кейін жүрегі, бауыры ауыратынын айтып, тегін медициналық қызмет пен дәрі-дәрмек жайын сұрады.

Сауалға Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жауап берді.

"Коронавирустан кейін тұрғынның жүрегі ауыратындықтан кардиологтар оны тізімге алса, тегін дәрі беріледі. Егер диагнозы дәлелденбей, ауруына қатысты шағымы болмаса, жалпы негізде қаралады", – деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, науқастарды тізімге қосу мәселесімен жергілікті учаскелік дәрігер айналысады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық ғалым С дәрумені негізінде ракқа қарсы дәрі ойлап тапты

Айта кетейік, 2021 жылы Жетісу және Түрксіб аудандарында 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынады. №7 қалалық клиникалық аурухананың жаңа қосымша ғимараты, сонымен қатар балаларға шұғыл көмек көрсету орталығына арналған операция бөлімшесі бар жаңа корпус қолданысқа беріледі.

Жаңалықтар
0