НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Артур Төлепов Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Instagram-да актердің өзі хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Жап-жас басымызбен кеңседе кеңес беріп отырмай, елдік жұмыстарға тікелей араласқан жөн болар деп ойлап, Алатау ауданындағы "Adaldyq alany" жобалық кеңсесінің жұмыстарын да мойынымызға алып жатырмыз", – деп жазды Төлепов.
Оқи отырыңыз: Әділ Ахметов басшылық қызметке тағайындалды
"Adaldyq alany" – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жобасы. Мақсаты – жемқорлыққа апаратын салдарды анықтау және болдырмау. Әсіресе, тұрмыстық коррупцияның алдын алу.
"Жобаның фронт-кеңселері еліміздің барлық облыс орталығы мен аудандарында бар. Соның бірінің жұмысы енді бізге жүктелді", - деп түйіндеді актер.