Өңірлер

Алматыда 8 мыңнан астам пәтер кімдерге беріледі

© Sputnik / Абзал КалиевКлючи, иллюстративное фото
Ключи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Жазылу
2021 жылы мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында 8 292 пәтер бөлінеді. Оның ішінде халықтың әлжуаз тобы өкілдеріне 427 пәтер, көпбалалы отбасыларға – 452, жұмысшы жастарға 1 050 пәтер беріледі

АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Алматыда кезекте тұрғандарға 8 мыңнан астам пәтер беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың халықпен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.  

2021 жылы мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында 8 292 пәтер бөлінеді. Оның ішінде халықтың әлжуаз тобы өкілдеріне 427 пәтер, көпбалалы отбасыларға – 452, жұмысшы жастарға 1 050 пәтер беріледі.

Сағынтаев ҚазҰУ жері жекеменшікке беріледі деген қауесетке жауап берді

Сондай-ақ, "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша 3 578 пәтер, "Кредиттік баспана" бойынша – 1 411, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 374 пәтер бөлінеді.

"Алматы жастары" бағдарламасы жалғасады, ол арқылы мың жас алматылық тұрғын үй ала алады.

Айта кетейік, 2020 жылы қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында қалада 2 948 пәтер бөлінді. Сонымен қатар мың жас отбасы "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша жеңілдетілген кредит арқылы баспанаға қол жеткізді.

"Алматы жастары" бағдарламасының шарттары

  • қарыздың ең жоғары сомасы – 13 миллион теңгеге дейін;
  • пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • бастапқы жарна – 10%;
  • жаңа және қолданыстағы тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі.

Қатысушыларға қойылатын талаптар

Қатысушының жасы 35 жастан аспауы тиіс. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады.

Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында баспана, сондай-ақ, Қазақстан аумағында кейінгі 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату фактілері болмауы тиіс.

Сонымен қатар қатысушының меншігінде мемлекеттік бағдарлама бойынша алынған, отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен тұрғын үй болмауы керек.

Алматы қаласында қатысушының міндетті зейнетақы жарнасы аударылатын ресми жұмыс өтілі 6 айдан кем болмауы тиіс.

Жаңалықтар
0