Қоғам

Алматы әкімдігіне тұрғындардың жеке дерегі не үшін керек – Сағынтаев жауабы

© Sputnik / Владислав ВодневБанковские карты
Банковские карты - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Жазылу
Қала тұрғыны әкімнен жеке сәйкестендіру нөмірі, карта нөмірі секілді жеке деректер не үшін жиналатынын сұрады

АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына есеп беру кездесуде тұрғындардың жеке деректері не үшін қажет екенін айтты.

Қала тұрғыны жеке сәйкестендіру нөмірі, карта нөмірі секілді жеке деректер не үшін жиналатынын сұрады.

Ал қала әкімінің айтуынша, бұл шара азаматтарды қорғауға, мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты қабылданып жатыр.

"Мемлекет ешқандай жағдайда өз азаматтарын қадағалауды мақсат етпейді. Керісінше мемлекеттің міндеті – азаматтардың қауіпсіздігі, тыныштығын қорғау. Егер қандай да бір деректер қажет болса, бұл қандай қызмет ала алатыныңыз бен қандай қызмет ұсынуға болатынына байланысты сұралады. Себебі ол тек осы мақсатта жиналады, ал барлық адамның жеке дерегін жинауға қатысты түсініспеушілік болған шығар", - деді әкім.

Айтуынша, бір деректер сұралса, ол мемлекеттік қызмет көрсету үшін жасалады.

"Қазір қызметтің бәрін цифрлы түрде ұсынамыз, бұл өте ыңғайлы. Қала бойынша кабинет аралап жүргеннен интернет арқылы цифрлы платформалар көмегімен жасаған оңай", - деді Сағынтаев.

Айта кетейік, Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн форматта халыққа есеп беруде. Тікелей эфирді әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасынан көруге болады.

Жаңалықтар
0