Оқиға

Алматыда сотталушы тергеу изоляторынан қашып кетті

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуАрхивное фото СИЗО
Архивное фото СИЗО - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Жазылу
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы қатысуымен қызметтік тексеріс тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Алматыда сотталушы тергеу изоляторынан қашып кетті, деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. 

15 ақпанда 1987 жылы туған Давутов ЛА-155/18 мекемесінен қашты.

Алматының полиция департаменті қылмыстық кодекстің 426-бабына сәйкес ("бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу") сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл бап бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы қатысуымен қызметтік тексеріс тағайындалды. Тексеріс қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шара қолданылады.

Жаңалықтар
0