Оқиға

Алматыда жанұшыра көмек сұраған мас адам бір ажалдан аман қалды

© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям города Алматы Пожар в двухэтажном доме по улице Богенбай батыра
Пожар в двухэтажном доме по улице Богенбай батыра - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Жазылу
Өрт кезінде кезінде әйел адам көз жұмды, қазір оның кім екені анықталып жатыр. Өрттің шығуына темекі себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Алматыда өрт сөндірушілер терезеге шығып, көмек шақырған мас ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлады қалалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт 16 ақпанда кешке Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қос қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде өртке оранған пәтерді және үйдің терезесінен көмекке шақырған ер адамды көрген.

© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям города Алматы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қос қабатты тұрғын үйдегі өрт
Алматыда жанұшыра көмек сұраған мас адам бір ажалдан аман қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қос қабатты тұрғын үйдегі өрт

Өртпен күресушілер саты арқылы оны төменге түсіріп, аумағы сегіз шаршы метрді құраған өртті сөндірген. Тілсіз жауды ауыздықтаған соң оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды. Оның кім екені анықталып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, өрт темекі шегу салдарынан пайда болған. Осыған байланысты ТЖД қала тұрғындарын төсекте жатып, әсіресе, ішімдік ішіп, жатын орында темекі шекпеуге шақырды.

Жаңалықтар
0