Өңірлер

Алматы әкімі қисайып қалған үй туралы: тұрғындар ұйқысы тыныш болуы керек

© Sputnik / Медиабанкке өтуМногоэтажный дом. Архивное фото
Многоэтажный дом. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Жазылу
Жұмыстың күрделі болуына байланысты барлық үйді жөндеуден өткізуге мүмкіндік жоқ. Өйткені барлық техникалық қауіпсіздікті сақтау қажет, деді Сағынтаев

АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласы Алатау ауданы Зерделі (бұрынғы Алғабас) ықшамауданындағы қисайып қалған тұрған үйлерді жөндеуге қатысты сұраққа жауап берді.

Айтуынша, жұмыстың күрделі болуына байланысты барлық үйді жөндеуден өткізуге мүмкіндік жоқ. Бұл туралы қала әкімі онлайн форматта халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жұмыстың қиындығына байланысты барлық үйді бітіруге мүмкіндік жоқ. Өйткені барлық техникалық қауіпсіздікті сақтауымыз қажет. Қазірге дейін ең ауыр жағдайда тұрған үйлер қалпына келтіріліп жатыр. Биыл 10 үйге жөндеу жүргізуге байланысты ақпанның соңына дейін бюджетке толықтырулар енгіземіз. Қосымша тағы 2 миллиард теңге бөліп, жылдың соңына дейін 10 үйді қалпына келтіреміз", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Ал қалған үй 2022 жылы аяқталады. Әкімнің айтуынша, жөндеу жұмыстары тұрғындардың сұрауына байланысты жүргізіліп жатыр.

"Үйлердің іргетасын нығайтуға байланысты қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын көріп отырсыздар. Келешекте бұл үйлер ешқандай қауіп төндірмеуі керек. Сол жерде тұратын қала тұрғындарының ұйқысы тыныш болуы керек", - деді қала әкімі.

Айта кетейік, Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн форматта халыққа есеп беруде. Тікелей эфирді әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасынан көруге болады.

Жаңалықтар
0