Өңірлер

Шымкентте 4 жасар қыздың асқазанынан бір уыс шаш шықты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуМедицинские инструменты, архивное фото
Медицинские инструменты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Жазылу
Шаштың көлемі үлкен болғаны соншалық, асқазанның 90 пайызын жауып қалған. Соның салдарынан бала дұрыс тамақтана алмай, мазасызданған

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Шымкенттік дәрігерлер 4 жасар қыздың ішінен бір уыс шаш алып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалалық клиникалық балалар ауруханасына 9 ақпан күні 4 жасар қыз жедел жәрдеммен жеткізілген. Ата-анасының айтуынша, балақайдың асқазаны ауырып, мазасызданып жүрген.

"Дәрігерлер балақайдың асқазанын ФГДС аппаратымен тексеріп, іште бөгде зат бар екенін анықтады. Бұған қоса науқаста ауыр дәрежелі қан аздығы болған. Іштегі бөгде затты алу үшін хирургтар операцияның алдында науқасқа қан құйды. Кейіннен отаға дайындап, үшінші тәулікте қыз балаға операция жасалды", - делінген хабарламада.

Медицина мамандары отаны ашық түрде жасап, 4 жасар қыздың асқазанынан ұзындығы 18 сантиметр болатын бір уыс шаш алып шықты.

"Шаштың көлемі үлкен болғаны соншалық, асқазанның 90 пайызын жауып қалған. Соның салдарынан бала дұрыс тамақтана алмай, мазасызданған. Операция сәтті өтті. Қазір қыздың жағдайы жақсы. Ата-аналарға айтарымыз, баланы қараусыз қалдырмаңыздар" - дейді хирург Әкім Түлкібаев.

Оқи отырыңыз: Тараздық дәрігерлер ота жасау барысында күтпеген жағдайға тап болды 

Балақай қазір қалалық клиникалық балалар ауруханасы дәрігерлерінің бақылауында. Жағдайы жақсарған соң оны апта соңында үйіне шығару жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0