Экономика

Қазақстанда жылдық инфляция 7,4%-ке дейін баяулады

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, иллюстративное фото
Монеты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Жазылу
Қаңтар айының қорытындысы бойынша кен өндіру өнеркәсібін қоспағанда, нақты сектор 3,6%-ке өсті

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. 2021 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 7,4%-ке дейін баяулады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша кен өндіру өнеркәсібін қоспағанда, нақты сектор 3,6%-ке өсті.

"Негізгі капиталға инвестициялар кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, 25,5%-ке артты. Бұл алдағы уақытта экономиканың тұрақты өсуіне негіз болады. Жылдық инфляция 7,4%-ға дейін баяулады", - деді Ерғалиев үкімет отырысында.

Министр кен өндіру өнеркәсібінен басқа, нақты сектордың барлық саласы өсім көрсеткенін атап өтті. Олар құрылыс, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы салалары. Көрсетілетін қызметтер саласының тұрақтануы байқалады.

Айтуынша, ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты мұнай өндірудің 12,3%-ке қысқаруы кен өндіру өнеркәсібінің төмендеуіне әкелді.

Өңдеу өнеркәсібі өсімі 3%-ті құрады. 11 өңір өсім көрсетті. Өңдеу өнеркәсібіндегі жоғары өсім Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді.

6 өңірде өндіріс төмендеген: Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Павлодар облыстары.

Жаңалықтар
0