Өңірлер

Семейлік полицейлер даулы суреттен кейін жұмыстан қуылды

© Sputnik / Александр Гальперин / Медиабанкке өтуСауна
Сауна - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Жазылу
Полиция қызметкерлері қызметінен босатылып қана қоймай, карантиндік шектеулерді бұзғаны үшін айыппұл төлейді

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Полиция майоры Ришат Сұңғатов пен оның Семей полиция басқармасындағы бірнеше әріптесі қызмет тәртібін бұзғаны үшін лауазымынан босатылды. Оған тәртіп сақшыларының саунада түскен фотосуреті себеп болды.

Айта кетейік, сурет әлеуметтік желіде таралып кетті. Оған пікір қалдырғандар суреттегі ер адамдар полиция қызметкерлері екенін, олар карантиндік шектеулерді бұзғанын жазған.

Облыстық полиция департаменті суреттегі адамдар құқық қорғау органдарында жұмыс істейтінін растады.

Сурет желіде тарап кетті – семейлік полицейлердің басы бәлеге қалды 

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізді.

"Тексеріс нәтижесі бойынша Орталық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ришат Сұңғатов қызмет тәртібін бұзғаны үшін лауазымынан босатылды. Учаскелік полиция инспекторлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Полиция басқармасы мен Семей орталық полиция бөлімінің бірқатар лауазымды тұлғасы қызметтік міндетін адал атқармағаны және жеке құрамға бақылау жасамағаны үшін қызметінен босатылды", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Монша кешенінде болған полиция қызметкерлері санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін, тиісті материалдар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді.

Жаңалықтар
0