Қоғам

Алматыда қаржы пирамидасына негізделген компания басшысы ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевМонеталар
Монеталар - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Жазылу
Оның заңға қайшы әрекеттерінен 50 адам зардап шеккен. Қазір олардың барлығы қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде жауап беруде

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Алматы полициясы "L-Капитал" компаниясының негізін қалаған 59 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Әйел адам жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ұсталған.

"Алматы салымшыларының ұжымдық арызы негізінде Қылмыстық кодекстің 217-бабының үшінші бөлімі ("қаржы (инвестициялық) пирамиданы құру және жетекшілік ету") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің толықтығы, әділдігі және жан-жақтылығы принциптерін қатаң түрде сақтау арқылы жүргізілетін кешенді тергеу әрекеттері барысында мән-жай анықталып, процестік шешім қабылданатын болады", – деді полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде тіркелген. Қаржы пирамидасының негізін қалаған әйел адам уақытша ұстау изоляторына жабылды.

Бұған дейін Алматы полициясы компанияның алданып қалған салымшыларын құқық қорғау органдарына шағымдануға шақырды. "L-Капитал" кеңсесінде тінту жүргізіліп, ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды.

Оқи отырыңыз: "14 мың сал да, 114 мың ал": сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты

Айта кетейік, 15 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы пирамидасының жолын кесу шаралары бойынша бас прокуратура жұмысына қатысты мәселе көтерді. Президент күдікті белсенділікті дер кезінде анықтаудың арқасында көптеген адамдардың алаяқтар құрбанына айналуының алдын алуға болатынын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0