Қоғам

Пойызда босанған әйел тосын шешім қабылдады – видео

© Photo : СС0 / Josef PichlerСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2021
Жазылу
Ақадыр станциясына жеткенге дейін пойыз бастығының міндетін атқарушы мен штабтық вагонның кезекші жолсерігі жүкті әйелге алғашқы көмек көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Сарыағаш–Нұр-Сұлтан бағытында қатынайтын №85 жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Пойыз жолаушысы Анастасия Гранкина Тараздан Павлодарға қарай сапарлаған. Алайда, жылжымалы құрам Киік–Босаға учаскесіне жете бергенде жолаушы өзінің жүктілік мерзімі тоғызыншы айға жеткенін және толғақ басталып жатқанын айтып, вагон жолсерігінен көмек сұраған.

Тиісті мекемелерге дереу хабар беріліп, жақын маңдағы станцияда медициналық мамандарының қызметі ұйымдастырылған. Ал осы кезге дейін пойыз бастығының міндетін атқарушы Алдияр Теңгешов пен штабтық вагонның кезекші жолсерігі Зина Қонысбаева толғатып жатқан әйелге көмек көрсеткен. 

Пойыз Ақадыр станциясына жетпей нәресте дүниеге келіп, ата-анасы оған Әмина деп ат қойды. Ал станцияға жеткен соң, жедел жәрдем дәрігерлері босанған әйел мен сәбидің денсаулығын тексерді. Сәбидің жағдайы қанағаттанарлықтай деп бағаланды.

Оқи отырыңыз: Жаңа туған сәби жерде жатыр: басқарма перзентханада түсірілген суретке түсініктеме берді

Дегенмен де, босанған ана ауруханаға жатудан бас тартып, Павлодарға дейінгі сапарын жалғастырды.

Жаңалықтар
0