Қоғам

"Күн суытады": Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын болжады

© Sputnik / Абзал КалиевСильная метель в Нур-Султане
Сильная метель в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
Синоптик Гүлайым Дәулетхан республиканың кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейетінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Алдағы үш күнде, 16-18 ақпанда ауа райы қандай болатынын "Қазгидрометтің" синоптик инженері Гүлайым Дәулетхан айтып берді.

Синоптик елдің батысы мен солтүстігінде ауа температурасы төмендейді деп болжанып отырғанын хабарлады.

"Суық ауа массасын әкелетін солтүстік-батыс антициклоны республиканың батысы мен солтүстігінде ауа температурасын төмендетеді; 17-18 ақпанда Түрікменстан аумағында тұрған оңтүстік циклон Қазақстанның солтүстік өңірінің оңтүстік-батысына, орталығы мен оңтүстік бөліктеріне ауысады. Бұл циклон жауын және қар түрінде келеді, елдің солтүстігі мен батысында бұрқасындатып, қар жауады", - деді Гүлайым Дәулетхан.

Синоптик республиканың кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейетінін атап өтті.

Ақпанда бірнеше рет күн жылынады: синоптиктер бір айға болжам жасады

Нұр-Сұлтанда 16 ақпанда көшпелі бұлт шығады. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 2-4 суық болады. 17 ақпанда бұрқасындатып, қар жауады. Секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады.  Ауа температурасы – түнде минус 13-15, күндіз минус 8-9 градус. 18 ақпанда қар жауып, бұрқасындатады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 20 м/с жетеді. Ауа температурасы – түнде минус 15-17, күндіз минус 9-12 градус.

Жаңалықтар
0