Қоғам

Көптеген азаматымыз қаржы пирамидаларының құрбаны болып жатыр – Тоқаев  

© Sputnik / Абзал КалиевМонеты, Финансовая пирамида
Монеты, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
Күмән тудыратын әрекеттерді уақытылы анықтаған жағдайда көптеген адамдарды шалыс басудан сақтап, алаяқтарды жазалауға болар еді, деді мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы пирамидаларын анықтауға қайта құрылған қаржылық мониторинг агенттігі де атсалысуы керек екенін атап өтті. Бұл туралы ол бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.

Президент үшінші міндет ретінде құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруді атап өтті. Бұл ретте құқық қорғау жүйесі аясында ғана емес, сонымен қатар, басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың барлық әлеуетін тиімді пайдалану қажет екеніне назар аударды.

"Мысал ретінде, көптеген азаматымыз қаржы пирамидаларының құрбаны болуда. Тек бір ғана қылмыстық іс бойынша 17 мыңнан астам жәбірленуші бар. Мұндай қылмыстық істерді жүзеге асыру үшін алаяқтар бірыңғай транзакцияларды бірнеше рет өткізіп барып, жоқ болады. Күмән тудыратын осындай белсенділікті уақытылы анықтаған жағдайда көптеген адамдарды шалыс басудан сақтап, алаяқтарды жазалауға болар еді. Қайта құрылған Қаржылық мониторинг агенттігі де бұл істен қалыс қалмауы керек", – деді президент.

Оның пікірінше, бұл жерде қаржы мониторингінің ақпараттық ресурстарын пайдалануға болады. Сондықтан осы саладағы қылмыстың алдын алу үшін олармен толыққанды ынтымақтастық орнатқан жөн.

"Жалпы, прокуратура мұндай мәселелерде барынша белсенді, бастамашы болуы тиіс, – деп толықтырды Тоқаев.

Мемлекет басшысы құқық қорғау құрылымдарының іс-қимылдар үйлестіруді жолға қоюды тапсырды.

"14 мың сал да, 114 мың ал": сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты

 

Жаңалықтар
0