Қоғам

Күніне неше шыныаяқ кофе ішуге болады

© Photo : СС0 / StockSnapОсень
Осень - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
Маман мөлшерден көп ішу салдарынан тәуелділік пайда болуы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ, жүйке жүйесі біртіндеп жұқарады

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан — Sputnik. Күніне екі шыныаяқ кофеден артық ішуге болмайды, деді гастроэнтеролог дәрігер Нурия Дианова.

Маман мөлшерден көп ішу салдарынан тәуелділік пайда болуы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ, жүйке жүйесі біртіндеп жұқарады. Дианова кофені тек тамақтан соң ішуге кеңес берді, деп хабарлайды RT.

"Көптеген адам таңертең тұра сала кофе ішеді. Егер таңғы астан соң кофе ішсе, асқазан-ішек жолдарына күш түспейді. Ал тек кофе ішіп, тамақтанбаса, кейін салдары ауыр болады", - деді дәрігер.

Қыжыл болмауы үшін екінші шыныаяқ кофені де жүрек жалғап алған соң ішкен дұрыс. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, ұйықтаудан кем дегенде 6 сағат дұрыс ішу керек.

Жаңалықтар
0