Қоғам

Тоқаев болмашы себептің соңын репрессияға айналдырып жіберетіндерді сынға алды

© Официальный сайт Президента Казахстана / Қасым-Жомарт Тоқаев / Қасым-Жомарт ТоқаевПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
Соңғы 3 ай ішінде бизнесті қолдау жөніндегі мобильді топқа кәсіпкерлерден 500-ден аса шағым түскен, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен өткен кеңесте бақылаушы орган өкілдерінің алдына бірқатар міндет қойды, деп хабарлады Ақорда.

Президент азаматтар мен кәсіпкерлердің құқығын мүлтіксіз қорғауды бірінші міндет ретінде атады. Өткен 10 жыл ішінде мемлекеттің бизнесті қолдау жөнінде жүргізген жұмыстарының арқасында кәсіпкерлерді тексеру 3 есеге азайды.

Оқи отырыңыз: Президент құқық қорғаушыларды пандемияның кері әсеріне дайын болуға шақырды 

Мемлекет басшысының айтуынша, енгізген мораторий өз тиімділігін көрсетті. Нәтижесінде шағын бизнестің субъектілерін тексеру былтырдың өзінде 5 есеге қысқарды. Бірақ заңсыз тексерулер әлі де жалғасуда.

"Соңғы 3 ай ішінде бизнесті қолдау жөніндегі мобильді топқа осындай деректер бойынша кәсіпкерлерден 500-ден аса шағым түскен. Бақылаушы органдардың болмашы себептің соңын нағыз репрессияға айналдырып жіберетін жағдайлары жиі кездеседі. Құжаттар тартып алынады. Ал оны кәсіпкерлер айлап қайтарып ала алмай жүреді, – деді Тоқаев.

Президент атап өткендей, жұмыс істеудің орнына бүкіл қызметкер тергеуде болады. Мұндай келеңсіздіктерге жол беруге болмайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің бизнеске заңсыз араласып, оның жұмысына кедергі келтіруі ауыр қылмыс ретінде қарастырылуға тиіс екенін тағы бір мәрте елдің есіне салды. Президент мұны құр даңғаза сөз емес, нақты іске шақыру деп санайды. Прокуратура органдары осыны есте ұстауы керек. Оның үстіне бұл мәселе заңнамалық тұрғыдан рәсімделеді. Бұл экономикалық өсімнің қарқыны төмендеген кезде өте өзекті мәселеге айналып отыр.

 

Жаңалықтар
0