Қоғам

Тоқаев: әркімнің көрпені өзіне тартуы – үлкен қателік

© Photo : Официальный сайт президента РКМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
Үйлестіру кеңесі ішкі істер органдарындағы, қаржы мониторингі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегі реформаларды үйлестірумен айналысады

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау құрылымдарының іс-қимылдарын үйлестіруді жолға қоюды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

"Өкілеттіліктерді бір-бірінен алу, әркімнің көрпені өзіне тартуы – үлкен қателік. Ешкімнің өз құзыретінен айрылғысы келмейтіні түсінікті. Бірақ мәселенің төркінінде жеке амбициялар мен мекеменің мүдделері емес, барша қоғам мен мемлекеттің мүддесі тұруы тиіс", - деді президент Бас прокуратура, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы прокуратуралар басшыларының қатысуымен өткен онлайн кеңесте.

Осыған байланысты Тоқаев Үйлестіру кеңесінің қызметін қайта жасақтауды тапсырды. Оның міндеті – ішкі істер органдарындағы, қаржы мониторингі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегі реформаларды үйлестіру, барлық құқық қорғау жүйесінің қызметін жақсартудың жаңа тәсілдерін іздестіру.

Мемлекет басшысы бақылаушы органдардың қызметкерлеріне "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асырудың маңыздылығы туралы айтты. Онда азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуге үлкен мән берілгенін ескертті.

– Прокуратура органдарына жыл сайын тұрғындардан өте көп арыз-шағым келіп түседі. Соңғы үш жылдың ішінде 650 мыңға жуық шағым берілген. Әрбір арыздың артында адам тағдыры, ондаған, тіпті жүздеген адамның мүддесі тұр, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың шағымдарына нақты әрі түсінікті жауап беру қажет екенін атап өтті.

 

Жаңалықтар
0