Өңірлер

Атырауда әріптесінің телефоны арқылы жыныс мүшесін көрсеткен жігіт масқара болды

© Photo : PexelsТелефон в руках подростка, иллюстративное фото
Телефон в руках подростка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
Атырау тұрғыны полицияға түн ортасында бейтаныс адамнан келген қоңырауға шағым түсірді. Тәртіп бұзушы анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Ер адам басқа біреудің телефонынан видеоқоңырау шалғаны үшін жеті күнге қамауға алынды. Ол кездейсоқ нөмірді теріп, жыныс мүшесін көрсеткен, деп хабарлады Атырау қаласының полиция басқармасы.

Мессенджер арқылы видеоқоңырау шалған адамға Атырау қаласының тұрғыны шағым түсірді. Оның айтуынша, ішімдікке сылқия тойып алған белгісіз біреу қоңырау шалып, интимді видеоны көрсеткен.

Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп, тәртіп бұзушыны анықтады. Ол Атырауда жұмыс істейтін көршілес Батыс Қазақстан облысының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ол сол түні ұйықтап жатқан әріптесінің телефонын сұрамай алып, жеке таныс болмаса да телефондағы абонентке қоңырау шалғаны анықталды, деп жазды ATPress полицияға сілтеме жасап.  

"Ұсталған азамат мас болғандықтан осындай әрекетке барғанын айтып, кінәсін мойындады", - деді Атырау қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев.

Оның айтуынша, ұсталған азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабына сәйкес, сот шешімімен жеті күн мерзімге әкімшілік қамауға алынды.     

Жаңалықтар
0