Оқиға

Жолдың жиегінде тұрған: Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 7 адам қаза болды

© Photo : "КазАвтоЖол"Тас жол, бұрқасын
Тас жол, бұрқасын - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
Жол апаты орнында алты адам көз жұмған, тағы бір адам ауруханаға барар жолда жан тапсырды, полиция марқұмдардың отбасына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Алматы облысында жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 14 ақпанда "Алматы – Өскемен" автожолының 342 шақырымында болды.

"Алдын ала болжам бойынша, " Nissan Qashai" жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігімен соқтығысқан", - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқиға орнында алты адам көз жұмған, тағы бір адам ауруханаға барар жолда жан тапсырды. Қаза болғандардың аты-жөні әзірге анықталып жатыр.

Тағы оқыңыз: "Әйелге ота жасап, қайтып келе жатқан": Шығыс Қазақстандағы трагедияның мән-жайы

"Жол апатынан жеті адам ("Nissan" жүргізушісі мен 4 жолаушы, сондай-ақ, "Volvo" жүргізушісі мен 1 жолаушы) қаза тапты. Оқиға орнына полиция департаментінің қызметкерлері мен Ақсу аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы аттанды",- деді полициядан.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) тергеу басталды.

Алматы облысының полициясы марқұмдардың отбасына көңіл айтты.

Жаңалықтар
0