Спорт

Қазақстандық спортшы АҚШ турнирінде алтын медаль иеленді

© Photo : Сайт НОК КазахстанаЖанбота Алдабергенова
Жанбота Алдабергенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2021
Жазылу
Екінші орын АҚШ спортшысы Таиса Таннерге бұйырды. Үздік үштікті Канада өкілі Жюстин Элли тұйықтады

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Фристайл-акробатикадан қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова Солтүстік Америка кубогында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнир АҚШ-тың Юта штатында өтіп жатыр. Қазақстан командасының өкілі Алдабергенова 85,68 балл жинап, алтын медальді қанжығасына байлады. Екінші орынды АҚШ спортшысы Таиса Таннер иеленді. Үздік үштікті канадалық Жюстин Элли тұйықтады.

Қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева алтыншы орыннан көрінсе, Аяна Жолдас жетінші болып келді.

Еске салсақ, 7 ақпанда Жанбота Алдабергенова АҚШ-та фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңінде бесінші орын алды. Отандасымыз 71,92 балл жинаған.

Тағы оқыңыз: Әлия Юсупова жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстандық фристайлшы Жанбота Алдабергенова 1995 жылы 23 қыркүйекте Шымкентте туған. Ол – Еуропа кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Еуропаның екі дүркін абсолютті чемпионы, әлем кубогының бірнеше кезеңінің жүлдегері.

Жанбота Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де құқықтану мамандығында оқиды. Сабақтан бос уақытын жаттығулар мен спорттық жиындарда өткізеді.

Жаңалықтар
0