НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Өткен тәулікте республикада 837 адамда коронавирус анықталды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Осылайша елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді. 12 ақпанда 920 адамда ПТР тест оң нәтиже көрсеткен еді.
Сондай-ақ, бір тәулікте 1 024 адам індеттен жазылып шықты.
Жалпы пандемия басталғалы 201 801 қазақстандық коронавируспен ауырды.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында -23739(+53),
- Алматы қаласында - 23536(+110),
- Шығыс Қазақстан облысында - 21114(+61),
- Атырау облысында - 16673(+30),
- Павлодар облысында - 16230(+130),
- Қарағанды облысында - 14708(+69),
- Ақмола облысында - 12573(+69),
- Батыс Қазақстан облысында – 12086(+77),
- Солтүстік Қазақстан облысында - 11803(+49),
- Қостанай облысында - 11362(+75),
- Алматы облысында - 10070(+53),
- Шымкент қаласында -5996(+5),
- Жамбыл облысында - 5748(+14),
- Түркістан облысында - 4209(+4),
- Маңғыстау облысында - 4155(+10),
- Ақтөбе облысында -4085(+11),
- Қызылорда облысында -3714(+17).