НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. 14 ақпандағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.
Ақмола облысында аурудың таралуы бәсеңдеп келеді. Өңір COVID-19 таралуы бойынша "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысты.
Қазір "қызыл" аймақта Павлодар облысы ғана тұр.
"Сары" аймақта – Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді
Еске салсақ, өткен тәулікте 837 адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Пандемия басталғалы елде 201 801 қазақстандық COVID-19 жұқтырды.
2020 жылдың 1 тамызынан бері 48 675 адам пневмониямен ауырды, 598 науқас қайтыс болды, 39 069-ы жазылып шықты.