Оқиға

Алматы облысында перзентхана қызметкерлері мінген көлік апатқа ұшырады – видео

© Sputnik / СтрингерМашина скорой помощи едет по улице
Машина скорой помощи едет по улице  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2021
Жазылу
Таңғы 07:40-та Есік қаласының перзентхана қызметкерлері мінген көлік апатқа ұшырады. Көктайғақ болғаны хабарланып отыр

АЛМАТЫ, 14 ақпан — Sputnik. Алматы облысында Есік қаласының перзентхана қызметкерлері мінген шағын автобус аударылды. Көлікте жиырмадан астам адам болған, үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты жайлы ақпарат Kris_p_issyk Instagram парақшасында жарияланды.

Видео авторының ақпаратына сәйкес, апат таңғы 07:40-та болған. Есік қаласының перзентхана қызметкерлері мінген шаңын автобус апатқа ұшырады, деп жазылған.

Жүргізуші жарақатына қарамастан, алдыңғы терезені бұзып, адамдарды далаға шығарған. 

Автор шағын автобусты перзентхана басшылығы емес, қызметкерлер өздері жалдағанын айтып отыр.

Алматы облысы полиция департаменті апат жайлы ақпаратты растады. Оқиға Талғар-Есік-Бәйдібек би автожолының 72-ші шақырымында болған.

Жедел-тергеу тобы "Мерседес Спринтер" көлігінің 41 жастағы жүргізушісі Сатай ауылының маңында рөлге ие бола алмай қалғанын анықтады. Көктайғақ болғаны хабарланып отыр.

Оқиға қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Бұл бап бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Еңбекшіқазақ көпбейінді ауданаралық ауруханасының әкімшілігі үш адам ауруханаға түскенін айтты.

Жаңалықтар
0