Видео

Бөкен қолтырауыннан құтылып, қабыланға тұтылды – видео

Жазылу
Импала бөкені қолтырауынмен айқаста жеңіске жетті, алайда судан шыққан бойда қабыланның жемтігіне айналды

Оқиға Оңтүстік Африканың Крюгер ұлттық паркінде бір табын бөкен суатқа түскен кезде болды.

Суат өте таяз болып көрінгенімен, онда бір метрлік крокодил жасырынып жатқан болып шықты. Ол жас импаланы лай суға сүйреп әкетті. Бөкен өмір үшін жан аямай күресіп, қосмекендінің азуынан құтылып кетті.  

Драмалық оқиғаға куә болған ерлі-зайыпты Анджела мен Крейг Уикс болған жайтты видеоға түсіріп алды. Туристер импала қолтырауынмен айқаста жеңіске жеткен бойда қабыланның жемтігіне айналғанын айтады. Жыртқыш жағалауда жасырынып жатып, мүмкіндікті қалт жібермеген.

Крюгер ұлттық паркі Оңтүстік Африканың солтүстік-шығысында орналасқан. Оның аумағында бір жарым мыңға жуық арыстан, 12 мың піл, 2,5 мың енеке (буйвол), мыңға жуық қабылан және бес мың мүйізтұмсық мекендейді.  

Жаңалықтар
0