Өңірлер

Павлодарда қария ұлының қылмысын естігенде қатты таңғалды

© pixabay / Sabine van ErpКәрілік
Кәрілік - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2021
Жазылу
Зейнеткердің банктік шотынан бірнеше ай бойы жинаған зейнетақысы жоғалып кеткен, ауыл тұрғыны полицияға арызданды

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Павлодарда ер адам әкесінің төрт ай бойы жинаған зейнетақысын ұрлады, деп хабарлайды облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"75 жастағы ауыл тұрғыны полицияға шағымданды. Айтуынша, оның банк шотынан қомақты қаржы ұрланған. Жедел уәкілдер қылмыс жасады деген күдікпен зейнеткердің 34 жастағы ұлын ұстады", - деді облыстың криминалды полиция басқармасының басшысы Балғабай Қапаров.

Анықталғандай, ер адам өз телефонына банктің мобильді қосымшасын орнатқан. Оған әкесінің жеке мәліметтерін енгізіп, авторизация жасаған. Сөйтіп 647 мың теңгені өз картасына аударып алған.

Тағы оқыңыз: Он бір күйеуін жерлеген әйелдің қылмысы әшкере болды

Әкесі жүргізілген операциялар туралы біліп қалмас үшін барлық хабарламаны өшіріп тастаған. Ер адам ақшаны толығымен жеке қажеттілігіне жұмсаған. Қария зейнетақысын ұлы ұрлағанын естігенде, қатты таңғалды. Енді ер адамға ата-анасы мен заң алдында жауап беруге тура келеді.

"Anti-fraud" жедел профилактикалық шара барысында ақпараттық желі қолданушыларына қатысты жасалған 27 алаяқтық фактісі анықталды.

Жаңалықтар
0