Қоғам

Алматыда ұшақ әуежайға қонар кезде оқыс оқиға болды

© Sputnik / СтрингерСамолет экстренно сел в аэропорту Алматы
Самолет экстренно сел в аэропорту Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтанда 12 ақпанда Qazaq Air ұшағы Шымкентке ұша алмай қалды. Әуе кемесінің шассиі жарылып кеткен. Тағы бір төтенше жағдай бүгін Алматы қаласында болды

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Азаматтық авиация комитеті Qazaq Air ұшақтарымен болған авиациялық оқиға туралы ақпарат берді.

Нұр-Сұлтан, 12 ақпан

Жұма күні сағат 23.20-да Qazaq Air әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы QAZ427 рейсінде авиациялық оқиға болды. Ұшақтың алдыңғы шассиінің тысы жарылып, ол 700 метрдей жүріп өткен. Әуе кемесі ұшуды тоқтатып, ұшақ тұраққа жеткізілді.

Алматы, 13 ақпан

Сенбі күні сағат 8.12-те  Qazaq Air әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Алматы бағытында QAZ353 тұрақты рейсін орындаған басқа ұшақ  тексерілді. Әуе кемесін қарау кезінде шассидің оң жақ тіреуінің қос пневматигінің де зақымдалғаны анықталды. Ұшақ жолаушылары эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ.

© Sputnik / СтрингерҰшақ Алматыға шұғыл қонуға мәжбүр болды
Алматыда ұшақ әуежайға қонар кезде оқыс оқиға болды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2021
Ұшақ Алматыға шұғыл қонуға мәжбүр болды

Авиациялық оқиғалар бойынша тергеу жүргізіледі. Оны Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғалар мен жағдайларды тергеу басқармасы жүргізеді.

Бұған дейін елордадан Алматыға ұшып келген Qazaq Air ұшағының қону кезінде екі шассиінің шиналары жарылғаны хабарланды. Төтенше жағдайға қарамастан, ұшқыштар әуе кемесін сәтті қондырды. Жолаушылар аман.

Жаңалықтар
0