Өңірлер

Шымкентте 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен еркектің өмірі ойран болды

© Photo : pixabayПодавленный человек
Подавленный человек - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
Сот төрағасы 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен 30 жастағы азаматты 2,5 жылға бас бостандығынан айырғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Шымкентте былтыр кәмелет жасына толмаған жеті қыздың тағдыры сотта қаралған. Оның екеуі мектеп оқушысы екен. Бұл туралы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Дәурен Сайханов айтты, деп хабарлады Астана арнасы.

Ақтөбелік бозбала сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түскені үшін үш жылға сотталды 

Өткен жылды қорытындылаған сот төрағасы 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен 30 жастағы азаматты 2,5 жылға бас бостандығынан айырғанын мысал қылды. Сот өрімдей қызды құрығына түсіретіндер олардың аңғалдығын пайдаланатынын атап өтті.

"30 жастағы ер азамат 15 жасар қызды алдап-сулап құрығына түсірген, түсініп отырсыз ба? Қызға күш қолданбайды. Сыйлық жасап, сезімін білдіреді. Солай алдап алып келеді", - дейді мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Дәурен Сайханов.

Жеті қыздың екеуі жүкті болып қалған. Оның бірі өз сүйіктісімен сот процесі барысында отбасын құрып үлгеріпті. 19 жастағы жігітке судья шартты жаза тағайындалғанын жеткізді. Сот төрағасы барлық жағдайда қыздардың ата-анасы болған жағдайдан бейхабар болып жататынын айтып отыр.

"Бұл үлкен мәселе. Істерді қарап отырып, көбінесе анасы қызымен сырласпайтынын аңғарасың. Алданып қалма, олай істеме деген нәрселерді айтпайды. Ол ата-ананың міндеті ғой. Мектептен бөлек ата-ана тәрбие беру керек, мектеп өз жұмысын атқарып жатыр", - деп түйіндеді сот төрағасы.

Жаңалықтар
0