Өңірлер

Маңғыстауда істі болған басшының туыстары президенттен көмек сұрады

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамал Жаманбаева қызмет бабын теріс пайдаланып, мемлекетке 63 миллион теңге шығын келтірген деп есептейді

АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Мемлекетке ірі көлемде шығын келтірді деген күдікпен ұсталған Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының туыстары президенттен көмек сұрады. Олар Жамал Жаманбаеваның қылмыс жасамағанына сенімді, деп хабарлады Астана арнасы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамал Жаманбаева қызмет бабын теріс пайдаланып, мемлекетке 63 миллион теңге шығын келтірген деп есептейді. Алайда дәрігердің жерлестері бұл айыптаумен келіспей отыр. Олар акушер-гинекологтың мансабы мінсіз деп санайды.

Туыстарының айтуынша, тамызда денсаулық сақтау басқармасының басшысы рентген аппараттарын жедел сатып алу үшін әкімдіктен өтінім алған. Пандемия шыңында шенеунік үш ай жеткізілетін отандық жабдықты емес, 20 күнде келетін импортталған жабдықты таңдаған. Дәл осы жағдай айыптауға себеп болып отыр.

"Айтып жатқан жабдықтар ХХ ғасырда да қолданылған, дәл сондай құрылғы. Ал сатып алынған құрылғылар цифрлы технологиясы бар цифрлық аппараттар. Олар қазір біздің өңірдің үш ауруханасында жұмыс істеп тұр. Қазақстан Республикасы президентінен жағдайдың мән-жайын анықтап, әпкеме көмектесуін сұраймын", - деді Алина Жаманбаева.

Оның айтуынша, күдікті бұған дейін коронавирустың ауыр түрімен ауырған, өкпесінің 75%-і зақымданған. Ал тергеу изоляторында күдіктінің денсаулығы нашарлаған. Бұған дейін адвокаттар Жаманбаеваны үй қамауына алуды сұрады, алайда сот өтінішті қабылдамады.

Айта кетейік, ақпанның басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша бөлінген қаражатқа медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде қызмет бабын теріс пайдалану бойынша Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарланды.

Ол үш жылжымалы рентген аппаратын жоғары бағаға сатып алуға бюджеттік өтінім жасаған.

Жаңалықтар
0