Қоғам

Банкке барудың қажеті жоқ: министр әлеуметтік әмиянның артықшылығын атады

© PhotoСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
Еңбек министрлігі келесі жылдан бастап пилоттық режимде атаулы әлеуметтік көмекті цифрлық әмиян арқылы төлеуді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов әлеуметтік әмиянның банк картасынан қандай айырмашылығы бар екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Шәпкеновтің айтуынша, цифрлық әлеуметтік әмиян – банктік шоттарға балама.

"Артықшылығы – азаматтар банктерге жүгінбейді. Ұлттық банк жүйесінде әр адамға жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы шот ашылады. Біз бұл шоттарға болашақта 44 әлеуметтік төлемді проактивті түрде аударуды жоспарлап отырмыз", – деді министр мәжілістегі Nur Otan фракциясының кеңейтілген отырысында.

Айтуынша, әмиянға аударылған әлеуметтік төлемдер банктердің, салық органдарының немесе коллекторлық фирмалар мен басқа да тараптардың өндіріп алуынан қорғалады. 

Сондай-ақ, әлеуметтік әмиянмен тауар сатып алуға болады. Әлеуметтік әмияндағы ақшаны банк картасына аударуға және сол арқылы қолма-қол ақша ретінде шешіп алуға да мүмкіндік бар.

"Ешқандай шектеу болмайды. Қазіргі таңда заң жобасы бекітілді. Осыған байланысты Ұлттық банк техникалық және ұйымдастырушылық жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деп толықтырды ведомство басшысы.

Оқи отырыңыз: Бала бір жасқа толмай, жұмысқа шығатын әйелдерді қуантатын жаңалық жарияланды

Еңбек министрлігі келесі жылдан бастап пилоттық режимде атаулы әлеуметтік көмекті цифрлық әмиян арқылы төлеуді жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
0