Қоғам

Алаяқтар Димаш Құдайберген атынан жалған ұтыс жариялады

Димаш Кудайберген  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
Жазба жарыққа шыққан кезде тұрғындар 5 мыңнан аса пікір жазды. Қанша адам фишингтік сайтқа өтіп, мәліметін қалдырғаны белгісіз

АЛМАТЫ, 12 ақпан — Sputnik. Алаяқтар Димаш Құдайбергеннің Facebook-тегі жалған парақшасында ұтыс жариялады. Олар әнші мың адамға 10 мың доллардан таратады деді. Ол үшін жазбаның астында пікір қалдыру керек екені айтылған.

Бұл ақпараттың жалған екенін түсіну қиын емес.

Біріншіден, әлеуметтік желідегі парақша тек бір күн бұрын ашылған. Димаштың суреттері мен бірнеше жыл бұрын түсірілген бағдарлама роликтері жүктелген. 

"Алғашқы мың адам $ 10,000 алады. Бұл рас екеніне сеніңіздерші. Бұл бұған дейін біздің ұтыста олжалы болмағандарға арналған", - деп жазылған Facebook-те.

Екіншіден, бұл ақпаратқа сенгендерді тіркелу үшін фишингтік сайтқа жібереді. Ол жерде банк картасының мәліметін көрсету керек. Мақсат - банк есепшоттарындағы қаражатты қолды ету.

Жазба жарыққа шыққан кезде тұрғындар 5 мыңнан аса пікір жазған. Қанша адам фишингтік сайтқа өтіп, мәліметін қалдырғаны белгісіз.

Жаңалықтар
0