НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Руслан Дәленов Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады қаржы институтының баспасөз қызметі.
Банктің 2021 жылдың ақпан айында жаңартылған құрамына басқарма төрағасының орынбасарлары Сергей Васильев, Леонид Грачков, Денис Ильин, Данияр Иманғалиев, Амангелді Исенов, Елена Кубанова, Ярослав Мандрон, Берік Мұхамбетжанов пен Тигран Саркисян енген.
Руслан Дәленов туралы не білеміз
Руслан Ерболатұлы Дәленов 1975 жылы 8 ақпанда Целиноград қаласында туған.
1999 жылы Стамбулдағы Мармара университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын мемлекеттік кірістер министрлігінен бастады. 1999-2002 жылдар аралығында мұнай, газ және энергетика бөлімінің басшысы, кірістерді талдау және болжау департаментінің басшысы қызметін атқарды.
2008 жылдың наурызынан 2017 жылдың сәуіріне дейін – қаржы вице-министрі;
2017 жылдың сәуірінен 2019 жылдың 25 ақпанына дейін ұлттық экономика бірінші вице-министрі болды.
2019 жылдың 25 ақпанынан 2021 жылдың 18 қаңтарына дейін Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.
Үйленген, үш баласы бар. Жұбайы – Жанара Қуандыққызы Дәленова (Айтжанова).