Өңірлер

Алматы маңындағы тауда жоғалып кеткен адам өлі табылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоВ горах близ Алматы
В горах близ Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
Кеше тауға жалғыз кеткен алматылықтың қайтыс болған орны ұшқышсыз ұшатын аппараттың көмегімен табылды

АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі тауға жалғыз кеткен 40 жастағы ер адамды іздеу-құтқару жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Оның денесі ұшқышсыз ұшатын аппараттың көмегімен табылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Ведомство ауа райы жақсара салысымен аппарат шыңның периметрін тексеруге ұшырылғанын хабарлады.

"Дрон теңіз деңгейінен үш мың үш жүз метрден астам биіктікке бірнеше рет көтерілді. Тағы бір көтерілген кезде ол құлаған адамның ізін тіркеді, бұл құтқарушыларға бағдарлауға және іздеу аймағын оқшаулауға мүмкіндік берді", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Оның айтуынша, осыдан кейін құтқарушылар өрмелеу техникасы мен арқандарды пайдаланып, шатқалға түсті. Қар көшкіні қаупіне қарамастан, қазіргі уақытта зардап шегушіні тасымалдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шамамен үш сағатқа созылады.

Барлығы құтқару жұмыстарына 70 құтқарушы мен он екі техника жұмылдырылды.

Бұған дейін хабарланғандай, 11 ақпанда Алматы қаласының құтқару қызметіне тауға жалғыз шыққан ер адамнан қоңырау түскен. Ол ауа райының қолайсыздығына байланысты таудан өздігінен түсе алмағанын айтып, құтқарушылардан көмек сұраған.

Іздестіру іс-шараларына төтенше жағдайлар министрлігінің ондаған қызметкері жұмылдырылды. Іздеу түнде де тоқтаған жоқ.

 

Жаңалықтар
0