НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Бейсенбі, 12 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттар әсерінен ауа райы құбылмалы болады.
Жауын-шашын болып, қар жауады. Батыста ғана жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет.
Дабылды ескерту
12-14 ақпанда Жамбыл облысында тұман түседі. 12 ақпан күндіз және 13,14 ақпанда солтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.
Ақтөбе облысында дауылдың болуы ықтималдылығы - 90-95%. Кей жерде көктайғақ, бұрқасын, тұман болады.
Атырау облысында да тұман.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, тұман.
Қостанай облысында тұман, бұрқасын, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысында да тұман болады.
Қызылорда облысында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Тұман болуы мүмкін.
Алматы облысында Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейніндегі қар жамылғысына байланысты көшкін жүруі мүмкін.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада күндіз минус 10-12 градус, түнде 22-24 градус суық.
Күндіз Алматыда плюс 5-7 градус, түнде жауын-шашын болады, 3-5 градус жылы.
Шымкентте күндіз 14-16 градус жылы, түнде плюс 3-5 градус.