Қоғам

Қазақстанда елді мекендердің атауын өзгертуге мораторий енгізіледі 

© Sputnik / Сергей Мамонтов / Медиабанкке өтуНадпись Nursultan в столице Казахстана
Надпись Nursultan в столице Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Жазылу
Мұндай шара халық санағын жүргізуге байланысты қабылданып жатыр. Мараторий 1 мамырдан бастап әрекет етеді

АЛМАТЫ, 11 ақпан – Sputnik. Ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі арнайы комиссия 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін әкімшілік-аумақтық бірліктерді қайта атауға мораторий енгізу мәселесін қарады.

Деньги, тенге, купюры, банкноты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2021
Экономика
Министр Тоқаевтың мораторий туралы жарлығына өзгеріс енгізуді ұсынды
Бұл мораторий әкімшілік-аумақтық бірліктерді (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) құруға, таратуға және қайта құруға, сондай-ақ елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауына және оны қайта атауға байланысты болады.

Айта кетейік, Қазақстанда онлайн-халық санағы 1 қыркүйекте басталып, 2021 жылдың 15 қазанына дейін жалғасады. Бұл Тәуелсіз Қазақстандағы үшінші санақ болады.

Халық санағы арнайы sanaq.gov.kz сайтында жүргізіледі. Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Азаматтар қай жерде екеніне қарамастан өзі және отбасы мүшелері туралы ақпаратты енгізе алады.

Дәстүрлі санақ 2021 жылдың 1-30 қазан аралығында барлық санитарлық норма сақтала отырып өткізіледі.

Жаңалықтар
0